Жоба мәртебесі
Жобаның өзектілігін негіздеу:
Геосаяси жағдай өршіп тұрған кезде баршамызға қауіп төндіріп, қоғамның мұқият назары мен уақтылы шешімін талап ететін экологиялық проблемаларды ұмытпаған жөн. CCI Қазақстан компаниясының тұрақты даму саласындағы түпкілікті мақсаты – қоршаған ортаны қорғау ісіне белсенді және инновациялық күш-жігер салу арқылы бизнестің ұзақ мерзімді өміршеңдігін қамтамасыз ету және құндылықтар тізбегіндегі мүдделі тараптар алдында жауапты азамат ретінде танылу. CCI Қазақстан компаниясы тұрақты құндылықтарға өз мақсаттарына деген адалдығымен жетеді. CCI Қазақстан жарқын болашақ құруға ұмтылғандықтан ол өз мақсаттарын Біріккен Ұлттар Ұйымының Тұрақты Даму Мақсаттарымен (ТДМ) үйлестіріп, мүдделі тараптар үшін жасайтын құндылықтарының ауқымын кеңейтті.
CCI Қазақстан ретінде біз тұйықталған циклді экономикаға үлес қоса отырып, көміртегі ізін азайтудамыз. Сонымен қатар, тұрақты қаптамаға қатысты талпыныстарымыздың арқасында біз клиенттер мен тұтынушыларымызға қауіпсіз тауар жеткіземіз.
2006 жылдан бастап, «қалдықсыз өндіріске» жету мақсатында біз өнімділігімізді дамытуға және жақсартуға бағытталған түрлі әдістерді қолдануды бастадық.
CCI Қазақстан компаниясы 2021 жылы өз қалдықтарының 89,1% қайта өңдеді.
Қаптама – өнім сапасының маңызды құрамдас бөлігі. Сонымен қатар, тұрақты қаптама ресурстарды үнемдеп, энергия тиімділігін арттырады.
Қазақстанда біз 2010 жылдан бері қаптаманы жеңілдету бағдарламаларын енгізіп келеміз.
Жастар пластикпен ластану және оның салдары мәселесін талқылауда ең үздік коммуникаторлар болып табылады. Сондықтан Coca-Cola Icecek Kazakhstan (Кока-Кола Алматы Боттлерс) пластикті жинау және дұрыс сұрыптау бойынша жастар бастамаларын қолдауға бағытталған «3.2.1.СТАРТ!» жобасын бастады.
«Өз үлесіңізді қос!» – жобаның осы ұраны 30 жыл бойы елдің дамуына белсенді түрде үлес қосып келе жатқан Coca-Cola Icecek Kazakhstan (Кока-Кола Алматы Боттлерс) компаниясының бизнес философиясына толық сәйкес келеді. Дәл осы себептен Қазақстан жастарын үкімет бастамаларын қолдауға ынталандыру үшін Coca-Cola Icecek Kazakhstan келесі іс-әрекеттерді орындауды көздеп отыр:
- жастардың бойына экологиялық ойлау үрдісін сіңіру, ол үшін оларға қалдықтарды, әсіресе пластикті жинау және дұрыс сұрыптау әдістерін үйрету;
- ЖОО арасында пластикті жинау және қайта өңдеу бойынша ұлттық байқау өткізу;
- жеңімпаз университетті пластик бұйымдарды өндіруге арналған жабдықтар желісімен марапаттау.
Жобаның мақсаты:
Қазақстан жастары арасында пластик жинау және қайта өңдеу үрдісін дамыту және дәріптеу, сондай-ақ жаһандық ТДМ мақсаттарына (12) қол жеткізу.
Жоба тапсырмалары:
- Қазақстан университеттерін жобаға қатысуға шақырып, пластик жинау идеялары бар ең талантты және құштар жастарды іріктеу;
- Қазақстан студенттері арасында экологиялық сауаттылықты дамыту үшін оларға экологиялық білім беріп, қоршаған ортаны қорғау іс-шараларына тарту;
- Ең үздік жобаларды бақылау және қолдау;
- Қазақстанда жастар мен әлеуметтік кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған мемлекеттік бағдарламаларды, соның ішінде экология және қаптама бағдарламаларын іске асыруға көмектесу.
Жоба географиясы:
Қазақстан Республикасы
Жоба аясындағы іс-шаралар:
- жобаға қатысатын әрбір университетте жоба презентациясын өткізу;
- «3.2.1 СТАРТ!» онлайн ақпараттық платформасын іске қосу;
- ЖОО-дар арасында пластик жинау бойынша республикалық байқау өткізу;
- әрбір ЖОО-да тренингтер ұйымдастыру;
- жобаға қатысатын ЖОО орналасқан қалада сенбілік ұйымдастыру;
- пластик жинау нәтижелерін бақылау;
- пластик жинау жобаларын жабдықтармен қамтамасыз ету;
- «Пластиктің екінші өмірі» жәрмеңкесін өткізу;
- жоба нәтижелерін қоғамға жариялау.
Күтілетін нәтижелер:
Қысқа мерзімді:
- жастардың қоршаған ортаны қорғауға деген қызығушылығының артуы;
- ЖОО арасында пластик жинау және қайта өңдеу байқауының сәтті өтуі;
- Қазақстан бойынша экологиялық сенбіліктердің өткізілуі.
Ұзақ мерзімді:
- пластик жинайтын жастар санының артуы;
- қалдықтарды белсенді сұрыптап, пластикті қайта өңдейтін ЖОО санының артуы;
- қалдықтарды бөлек жинап, қайта өңделген пластиктен өнім өндіруді кәсіп етуге жастар қызығушылығының артуы.
Жобаның ерекшеліктері
- жобаның мақсаты – Қазақстан студенттері арасында экологиялық бастамаларды дәріптеп, Қазақстан университеттерін өз қабырғаларында пластик жинауды насихаттауға ынталандыру;
- жоба беделді аймақтық немесе ұлттық ҮЕҰ-мен серіктестікте жүзеге асырылуда. Мемлекеттік органдар да бағдарламаға серіктес ретінде қарастырылуы мүмкін;
- жобаның басталатыны туралы хабарландыру жылына бір рет бағдарламаның веб-сайты, әлеуметтік желілер және басқа да байланыс арналары арқылы жарияланады. Тиімді коммуникация құрып, жас ұрпақты жұмылдыру үшін университеттермен, ЖОО-мен, жастар пабликтерімен, қауымдастықтармен серіктестік орнатылуда;
- жобаны бақылап, жиналған пластикті есептеу үшін онлайн платформа әзірленді;
- жобаның басталуы жоба ұйымдастырушыларының ресми жария мәлімдемесінен басталады. Жобаны жүзеге асыру кезінде қатысушылар БҰҰ-ның Жаһандық тұрақты даму мақсаттарына (ТДМ) қол жеткізуге қатысты мәселелерді қарастыруы керек;
- жобаға қатысатын әрбір ЖОО өзінің бір өкілін жоба кураторы ретінде тағайындайды.
- ең көп пластик жинаған университетке грант ретінде жабдық беріледі (грант сомасы жыл сайын қайта қаралады).
- егер бірнеше ЖОО ұқсас нәтиже көрсетсе, қаржылық грант байқау комиссиясының шешімімен үлестіріледі;
- жоба 1-12 ай аралығында жүзеге асырылады.
Жоба операторы:
Жобаны Қазақстанда жүзеге асыратын – «Жасыл экономика және G-Global дамуы үшін коалиция».