Сұрақтар мен жауаптар
Жобаны кім жүзеге асыруда?
Жобаға бастамашы болған – Coca-Cola İçecek Kazakhstan компаниясы, ал «Жасыл экономика коалициясы» қоғамдық ұйымы Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің қолдауымен оны жүзеге асырып жатыр.
Жобаға кімдер қатыса алады?
Жобаға тек жоғары және/немесе ЖОО кейінгі білім беру мекемелері қатыса алады, мысалы — университеттер, институттар, консерваториялар және Қазақстандағы өзге де ұқсас мекемелер.
ЖОО жобаға қалай қосыла алады?
ЖОО жобаның ресми арнасы арқылы өтінім бере алады немесе Коалициядан шақыру алуы тиіс. Расталғаннан кейін ұйым қатысушылар тізіміне енгізіледі де, жоба кураторы тағайындалады.
Жоба кураторы деген кім және оның міндеттері қандай?
Куратор — қоршаған ортаны қорғау бастамаларына және студенттердің қатысуын үйлестіруге жауапты университет қызметкері. Кураторды университет тағайындайды.
Жобаға қандай іс-шаралар кіреді?
Жоба аясында атқарылатын іс-әрекеттер:
- білім беру дәрістері мен тренингтері;
- экологиялық клубтарды дамыту;
- пластик жинау жарыстары;
- тазалық күндері және экологиялық білім беру науқандары;
- «жасыл кампустар» және айналмалы экономика бойынша практикалық жобалар.
Пластик жинау байқауы қалай өтеді?
Университеттер жиналған пластик мөлшерін тіркеп, деректерді кураторға жібереді де, маусым соңында жоба ұйымдастырушылары байқау нәтижелерін қорытындылап, белсенді ұйымдарды марапаттайды.
Жоба университеттер мен студенттерге қандай мүмкіндіктер береді?
Университеттер қорытынды форумда шағын гранттар мен марапаттау алады. Студенттер тренингтерге, байқауларға, эко-клубтарға және практикалық жобаларға қатысады, «жасыл ойлау» дағдыларын дамытады.
«Жасыл кампус» дегеніміз не және эко-клуб қалай құрылады?
«Жасыл кампус» қалдықтарды бөлек жинауды, тұрақты тұтынуды және экологиялық білім беруді насихаттайды.
Эко-клуб университет ішінде құрылады да, оны тағайындалған қызметкер басқарады.
Мен жеке қатыса аламын ба?
Жоқ, тек ЖОО немесе білім беру ұйымдары ғана қатыса алады.
Жоба аясындағы ЖОО жетістіктері қалай бақыланады?
Ұйымдастырушылар ЖОО іс-шараларын үнемі бақылап отырады: студенттер мен оқытушылардың қатысуы, эко-клубтардың жұмысы, іс-шаралар мен пластик жинау нәтижелері.